Өскеменде түрме қоршауынан тыйым салынған зат асырмақ болған тағы бір тұрғын ұсталды.
Мекеме қызметкерлері тінту кезінде 6 смартфон тәркіледі. Ұсталған азамат үшінші курстың студенті болып шықты.
Оның айтуынша, бұл заттарды жеткізуді өтінген бейтаныс адам ақшасын төлеймін деп уәде берген.
Тыйым салынған заттар тәркіленіп, режим бөлімінің қызметкерлеріне берілді.