Фонарь орнатылған электрод: ШҚО тұрғыны колонияға не өткізбек болды?


ЖАҢАЛЫҚТАР 12-02-2025, 11:45 0

Шығыс Қазақстанда колонияға қара пакет өткізбек болған тұрғын ұсталды, деп хабарлайды Bizdiң Өskemen.

 Polisia.kz  деректеріне сүйенсек, 41 жастағы азамат түрме маңын торып жүрген кезде ұсталған. Қолындағы пакетте ерекше зат болған: скотчпен мықтап оралған электродқа шағын қорапшалар бекітілген. Электродтың басына фонарь орнатылыпты. Ұсталған азаматтың айтуынша, бұл шам колония қоршауынан асырылған «сәлемдеменің» қайда түскенін көрсетіп белгі береді. Алайда оның бұл әрекеті іске аспады. 

«Тыйым салынған заттардың ішінен тропикамид препараттарының қаптамалары табылды. Толық тексеріс барысында телефон, ерекше иісі бар жасыл түсті шөп, белгісіз таблеткалар және ойын карталары бар екені анықталды. 41 жастағы азамат әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Ал тәркіленген заттар сараптамаға жіберілді», - делінген хабарламада.


Adil

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив