22 сәуір мен 7 мамыр аралығында Астана халықаралық әуежайының уақытша жабылуына байланысты бірқатар ұшақ рейсінің кестесі өзгереді,деп хабарлайды Bizdiң Өskemen.
Астанада әскери парадқа байланысты Air Astana әуе компаниясы бірқатар рейстердің кестесіне өзгерістер енгізетінін хабарлады. Әуежай күн сайын сағат 10:00-ден 13:00-ге дейін әскери парадқа дайындық жұмыстарына орай жабылады.
Өзгерістер Астанадан Алматы, Өскемен, Франкфурт және Доха қалаларына бағытталған рейстерге, сондай-ақ Алматы, Атырау, Қостанай, Өскемен, Франкфурт, Сеул және Дохадан Астанаға ұшатын рейстерге қатысты.
Компания уақыты өзгерген рейстердің жолаушыларын билет брондау кезінде көрсетілген байланыс нөмірлері арқылы жеке хабардар ететін болады.
Air Astana жолаушыларға өз рейстерінің мәртебесін төмендегі байланыс арналары арқылы нақтылауға кеңес береді:
Қоңырау шалу: +7 727 244 4477, +7 7172 584477, +7 702 702 4477
Жедел желі (рейс кешіккен жағдайда): +7 7272 44 44 78
WhatsApp: +7 702 702 00 74
Онлайн чат: airastana.com)
Сонымен қатар, өзге де әуе компониялардың рейстерінде өзгерістер бар.
«SCAT» +7 (7252) 99-88-80
«Qazaq Air» +7 (727) 356-14-14
«FlyArystаn» +7 (727) 331-10-10, + 7-702-702-02-27 (WhatsApp)
Аэропорт Астаны +7 (7172) 702–999.