Шемонаиха қаласында көпқабатты үйлерге газ тарататын жабдықтардың тозуына байланысты газ беру уақытша тоқтатылатын болды, деп хабарлайды Bizdiң Өskemen.
Шығыс Қазақстан облысының Шемонаиха қаласында 2025 жылдың 1 мамырынан бастап 37 көпқабатты тұрғын үйде газбен жабдықтау жүйесін өшіру жоспарлануда. Бұл шара 1040 пәтерге әсер етеді және газ жеткізу жүйесінде пайдаланылатын жабдықтардың тозуына байланысты қабылдануда.
Шемонаиха қаласында 13 газ тарату қондырғысы жұмыс істейді, олар 46 газ баллондарын қамтиды. Аталған 37 көпқабатты тұрғын үйді сұйытылған мұнай газымен осы қондырғылар қамтамасыз етеді. Алайда, әкімдік деректері бойынша, қазіргі уақытта 1040 пәтердің тек аз бөлігі ғана газды пайдаланып отыр. Газ құбырының ұзындығы 5,5 км. Жүйені «КАПАН» ӨКФ ЖШС негізінде қызмет көрсетеді.
Бір жыл бұрын, яғни, 2024 жылғы 12 қыркүйекте Шемонаиха қаласының әкімдігі газ жабдықтарына тексеру жүргізіп, нәтижесінде қысымды 20%-ға төмендету арқылы 2025 жылғы 1 мамырға дейін уақытша пайдалануға рұқсат берген. Ендігі кезекте газ баллондары мен металл құбырларды толықтай полипропиленге ауыстыру ұсынылып отыр.
Аудан әкімдігі атап өткендей, техникалық тексеру нәтижесінде қысым реттегіштерден ақаулар көп шыққан. Сондықтан қазіргі күйінде әрі қарай пайдалану тұрғындардың қауіпсіздігіне қатер төндіреді. Осыған байланысты жабдықты толық ауыстыру ұсынылды.
Қазіргі уақытта Шемонаиха ауданының әкімдігі түпкілікті шешім қабылдау үшін ҚР Төтенше жағдайлар министрлігіне қарасты Өнеркәсіптік қауіпсіздік комитеті департаментінің қатысуымен қолданыстағы ГРУ-ларды қосымша зерттеу мәселесін қарастыруда.