Балық аулауға тыйым салынды - ШҚО

ЖАҢАЛЫҚТАР 17-04-2025, 16:10 0

Зайсан көлі, Бұқтырма су қоймасы Ертіс өзені, Шүлбі су қоймасы  қатарлы су айдындарында балық аулауға тыйым салынды, деп хабарлайды Bizdiң Өskemen.

Аталған аумақтарда балықтардың уылдырық шашу маусымы аяқаталғанша, яғни, нақты көрсетілген уақыт аралығында балық аулауға болмайтынын Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Балық шаруашылығы комитеті ескертті.

«Уылдырық шашу» балық қорғау акциясын ұйымдастыру» жануарлар мекендейтін ортаны қорғауды, олардың көбею жағдайларын, өріс аудару жолдары мен олардың шоғырлану орындарын ұйымдастыру арқылы балық ресурстарын және басқа су жануарларын қорғауды жүзеге асыру мақсатындағы 2025 жылғы 21 ақпандағы № 01-06/34 бұйрығына  сәйкес, «Зайсан-Ертіс облысаралық бассейндік балық шаруашылығы инспекциясы» РММ-нің 2025 жылғы 3 наурызындағы № 24-НҚ бұйрығымен 2025 жылы балық ресурстары мен басқа да су жануарларының уылдырық шашуы және көбеюі кезеңінде келесі орындар мен мерзімдерде балық аулауға тыйым салу енгізілді:

1) Жайсан көлінде және Қарақастан бірінші Батин шоқысына дейінгі Бұқтырма су қоймасының көл-өзен бөлігінде 16 сәуiрден 30 мамырды қоса алғандағы аралықта;

2) бірінші Батин шоқысынан Бұқтырма СЭС дейiн Бұқтырма су қоймасының терең бөлігінде 1 мамырдан 15 маусымды қоса алғандағы аралықта;

3) Өскемен су қоймасында, Ертіс өзені Өскемен СЭС-нан Шүлбі су қоймасына дейін 10 мамырдан 10 маусымды қоса алғандағы аралықта;

Шүлбі су қоймасында, Ертіс өзенінде Шүлбі СЭС-нан Павлодар облысының әкімшілік шекарасына 16 сәуірден 30 мамырды қоса алғандағы аралықта;

4) Павлодар облысының арқалық, тұщы су айдындарында, Шығыс Қазақстан облысының әкімшілік шекарасынан Ресей Федерациясының мемлекеттік шекарасына дейінгі аралықтағы Ертіс өзенінде және оның жайылмалы су айдындарында 15 сәуірден 30 мамырды қоса алғандағы аралықта;

5) Павлодар облысының тұзды су айдындарында артемия жұмыртқаларын 1 наурыздан 15 маусымды қоса алғандағы аралықта жинауға және дайындауға;

6) бекітілген балық шаруашылығы учаскелерінде торта, табан, алабұға, мөңке және шортан балық түрлерін әуесқойлық (спорттық) балық аулауды қоспағанда, барлық су тораптарын (су қоймаларын) қоса алғанда, Қаныш Сәтпаев атындағы каналдың барлық ұзындығы бойынша 15 сәуірден бастап 30 мамырды қоса алғандағы аралықта балық аулауға тыйым салу енгізілді.

Бүгінгі таңда балық шаруашылығы жалпы еліміздің және Шығыс Қазақстан, Абай, Павлодар облыстарының экономикасының дамуына айтарлықтай үлес қосатын перспективалық бағыттарының бірі болып саналады.


Adil

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив