Картасы жоқ оқушыларды автобустан түсіріп кеткен - Өскемен

ЖАҢАЛЫҚТАР 8-04-2025, 11:27 0

Кеше Өскеменде «Оskemencard» жүйесінің жұмысы тоқтап, қоғамдық көліктерде жаңа бірыңғай төлем жүйесі – «ONAY!» іске қосылған болатын. Кейбір тасымалдаушылар жүйе іске қосылған күні жаңа картаны алып үлгермеген оқушыларды автобустан түсіріп кеткен, деп хабарлайды Bizdiң Өskemen.

Бұл жағдайдан құлағдар болған Өскемен қаласының ТҮКШ, жолаушылар көлігі және автожолдар бөлімі жиын өткізіп, тасымалдаушы компания өкілдеріне карта алып үлгермеген оқушыларды автобустан түсірмеуді тапсырды.

– «ONAY!» компаниясы өтінімдерді жедел өңдеп, карта беру процесін жеделдету үшін қызметкерлер санын арттырып жатыр. Біз тасымалдаушыларға карталарды алғанға дейін балаларды қоғамдық көліктен түсірмеуді ескерттік, - деді Өскемен қаласының ТҮКШ, жолаушылар көлігі және автожолдар бөлімі басшысының орынбасары Рашид Шерубаев.

7 сәуірден бастап ескі "Oskemencard" жүйесі жұмысын тоқтатып, банктік QR кодтар қоғамдық көліктерден алынған болатын. Жаңалықтан бейхабар кейбір тұрғындардың жол ақысын төлей алмай абдырап қалғандары да бар. Қазір жеңілдік карталары берілетін пункттерде әлі де ұзын-сонар кезек тұр.


Adil

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив