Халыққа қызмет көрсету орталықтарының Халықаралық әйелдер күні мен Наурыз мейрамындағы жұмыс кестесін жарияланды.
8 және 9 наурыз күндері халыққа қызмет көрсету орталығы мен арнайы ХҚКО жұмыс істемейді. Ал 10 наурыз – дүйсенбі күні кезекші ХҚКО қызмет көрсетеді, арнайы ХҚКО да ашық болады. Тек орталықтар бұл күні 9.00-ден 13.00-ге дейін ғана жұмыс істейді.
ХҚКО-лар үшін 21, 22, 23, 24 наурыз демалыс күндері болып саналады. 25 наурызда ғана кезекші ХҚКО мен арнайы ХҚКО жұмыс бастайды. Бұл күні де сағат 9.00-ден 13.00-ге дейін қызмет көрсетіледі.
Еске салайық, елімізде демалыс күндері: 8-10 наурыз және 21-25 наурыз аралығы.