Ұлыс күні қарсаңында облыс орталығында жетпіске жуық іс-шара өткізіледі, деп хабарлайды Bizdiң Өskemen.
Республика алаңында тігілетін бес жүз орындық киіз үй мереке мен ойын-сауықтың орталығына айналады. Мұнымен бірге қаланың басқа бөлімдері, басқармалары мен кәсіпорындары де өз киіз үйлерін тігеді.
Наурыз мейрамы 14 наурызда Көрісу күні – Амал мерекесімен басталады.
15 наурыз – Қайырымдылық күні. Бұл күні қайырымдылық концерті ұйымдастырылады.
16 наурыз – Мәдениет және салт-дәстүрл күні қала тұрғындарына «Қазақфильмнің» танымал фильмдерін тегін тамашалайды.
17 наурыз – Шаңырақ күні. Бұл күні «Өнер алды – қызыл тіл» зияткерлік ойыны ұйымдастырылады.
18 наурыз – Ұлттық киім күні қаладағы дизайнерлердің көрмесі жасақталады.
19 наурыз – Жаңару күнінде экологиялық мәселелерге ден қойылады. Қаланы көгалдандыру және абаттандыру жобалары таныстырылады.
20 наурыз – Ұлттық спорт күнінде қала тұрғындары дәстүрлі қазақ ойындарына қатысып, күш сынасады.
Негізгі мерекелік іс-шаралар 21 және 22 наурызда өтеді. Шығармашылық ұжымдар қатысуымен күндізгі және кешкі концерттер, мерекелік сауда, караоке-алаңы, спорттық жарыстар, сәндік-қолданбалы өнер көрмелері ұйымдастырылады.
Мереке қарсаңында қала көшелері мен аулалары ұлттық нақышпен безендіріледі.
Қала әкімдігі мерекелік іс-шаралар легі әлі де толыға түсетінін хабарлады.