Өскеменде тоқымашылар фестивалі өтеді

ЖАҢАЛЫҚТАР 5-03-2025, 17:11 0

Өскеменде «Ғасырлық дәстүр» деп аталатын республикалық кілем тоқу және сәндік-қолданбалы өнер фестивалі өтеді, деп хабарлайды Bizdiң Өskemen.

Фестиваль аясында көрме-жәрмеңке ұйымдастырылып, шеберлер өз жұмысын ұсынады. Іс-шара қонақтарына кілем тоқудың қыр-сыры туралы мағлұмат та беріледі.

Қазылар алқасы жеңімпаз шеберлерді анықтап, диплом және сыйақы табыстайды.

6-7 наурыз күндері Халықаралық әйелдер күні мен жұмысшы мамандықтар жылына орай ұйымдастырылатын ерекше іс-шара Шығыс Қазақстан филармониясының ғимаратында (Протозанов көшесі, 43) өтеді.


 

Adil

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив