Шығыс Қазақстан халқының саны қанша?

ЖАҢАЛЫҚТАР 4-03-2025, 14:24 0

Шығыс Қазақстан облысының халқы 1 қаңтарда 723,9 мың адамға жетті, деп хабарлайды Bizdiң Өskemen.

Ұлттық статистика бюросының деректеріне сүйенсек, өңір жұртшылығының 67,1 пайызы (485,7 мың адам) қалада, ал 32,9 пайызы (238,2 мың адам) ауылда тұрады.

Шығыс Қазақстан халқының 2024 жылғы табиғи өсімі 309 адам деп хабарланды.

Сондай-ақ Ұлттық статистика бюросы 2025 жылы 1 ақпанда Қазақстан халқының саны 20 300 618 адамға жеткенін мәлімдеді.


Adil

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив