ШҚО әкімдігі 160 млн теңгеге көлік сатып ала ма?

ЖАҢАЛЫҚТАР 4-03-2025, 10:13 0

Шығыс Қазақстан облысының әкімдігі көлік сатып алуға 160 миллион теңге жұмсайды деген ақпарат тараған. Өңір билігі автопарк бюджеттік жоспарға сай жаңартылатынын мәлімдеді.

«Автокөлік сатып алынатын қаражат 2024 жылы салынған. Бұл жаңа аудандардың құрылуына да байланысты. Өскемен әкімдігінің қолда бар техникасы тозған, соған байланысты екі автокөлік сатып алынады. Күршім ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің қызметтік көлігі жаңартылады, өйткені ескі көлік істен шыққан. Жаңадан құрылған Марқакөл ауданы 7 көлік алады. Ал Катонқарағай ауданында мемлекеттік мұрағатқа көлік алу үшін қаражат бөлінді», - делінген ақпаратта.

Облыс әкімдігінің өкілдері сатып алу заң шеңберінде өтетінін атап өтті. Конкурс жарияланады, экономикалық негіздегі ұсыныстар ескеріледі.


Adil

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив