Өскеменде электробус болады

ЖАҢАЛЫҚТАР 26-02-2025, 12:02 0

Өскемендегі автопарктердің бірі электробус сатып алуды жоспарлап отыр, деп хабарлайды Bizdiң Өskemen.

«Бүгінде бір автобус паркі электр автобустарын алып, сынақтан өткізуді жоспарлап отыр. Облыс әкімі жолаушы тасымалдаушы компанияларға экологиялық таза отын түрлеріне – газға немесе электр энергиясына кезең-кезеңімен көшу бағдарламасын әзірлеуді тапсырды, – деп мәлімдеді облыс әкімідігінің баспасөз қызметі.

Бұған дейін хабарлағанымыздай, облыс әкімі экологиялық бақылауды күшейту үшін кеңес заманынан бері жұмыс істеп тұрған Қазгидромет датчиктерін ауыстырып, бірыңғай мониторинг жүйесі жасау жөнінде бастама көтерді.

Adil

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив