ШҚО-да бес жайлы мектеп дайын. Қай жерлерде?

ЖАҢАЛЫҚТАР 20-02-2025, 11:31 0

Шығыс өңірінде «Жайлы мектеп» ұлттық жобасы аясында жеті білім мекемесі салынып жатыр. Бес мектеп оқу жылы аяқталмай тұрып, төртінші тоқсанның басында, пайдаға беріледі. Бұл жөнінде құрылыс, сәулет және қала құрылысы басқармасының басшысы Руфат Акрамов облыс әкімдігінің отырысында мәлімдеді.

Жеті жайлы мектептің үшеуі Өскеменде, қалғаны Риддер, Шемонаиха және Глубокое ауданының Белоусовка кентінде салынып жатыр. 2100 орындық бес мектептің құрылыс-монтаж жұмыстары аяқталған. 

– Оқу жылының төрінші тоқсанында бес мектепте білім беру үрдісі басталады. Сондай-ақ тағы екі мектептің құрылысы аяқталуға жақын. Өскемендегі Есенберлин даңғылындағы 600 орындық мектепті 31 шілдегі дейін, Опытное поле ауылындағы 300 орындық мектепті 30 маусымына дейін пайдаға беру жоспарда бар, – деді Руфат Акрамов.

 Басқарма басшысы Белоусовка кентінде, Глубокое ауданының Опытное поле ауылында және Өскемендегі Уәлиев көшесі және Есенберлин даңғылында салынып жатқан мектептердің кіреберіс жолы салынбай жатқанын айтты. Бұл жұмыстарға қаражат жетпеген көрінеді. Облыс әкімі Нұрымбет Сақтағанов Өскемен қаласы мен Глубокое ауданының әкіміне қажетті қаражатты бөлу үшін бюджеттік өтінім беруді және кіреберіс жолдардың құрылысын 1 мамырға дейін аяқтауды тапсырды.


 

Adil

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив