Облыс орталығындағы дәрігерлердің көмегіне мұқтаж болған сәбиді мамандар Үлкен Нарын ауданынан тікұшақпен жеткізді, деп хабарлайды Bizdiң Өskemen.
«Қазавиақұтқару ұшқыштары Станислав Водолеев пен Әлібек Түсіп «Eurocopter EC-145» тікұшағымен кішкентай бала мен оның анасын Үлкен Нарын ауданынан Өскеменге жеткізді. Тікұшақта санавиация бригадасы – балалар реаниматологы және фельдшер Назым Бейсенбаева болды», – деп мәлімдеді облыстық төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі.