Өскеменде VI қысқы Спартакиада аясында ерлер командасы арасында шайбалы хоккейден жарыс өтті.
Жарысқа Астана, Алматы, Солтүстік Қазақстан, Қарағанды және Шығыс Қазақстан облысының командалары қатысты. Бұл додада өңір құрамасы қарсылас шақ келтірмей жеңіске жетті.
Ерлер арасындағы шайбалы хоккей жарысы еліміздің 6-шы қысқы спартакиадасының шымылдығын түрді. Шығыс өңірінің спортшылары алдағы уақытта 10 спорт түрі бойынша сынға түседі.