Өскеменде хоккейден Қазақстан кубогы өтеді


ЖАҢАЛЫҚТАР 16-08-2024, 12:07 0

23 тамыздан бастап Өскемен қаласында ерлер командалары арасында шайбалы хоккейден Қазақстан кубогі өтеді. 

Қазақстан Кубогына 10 команда қатысады. Олар өткен маусымдағы рейтинг бойынша екі топқа бөлінген. А тобының ойындары Өскемен қаласында, В тобының ойындары Қарағанды қаласында өтеді.                             

Б. Александров атындағы спорт сарайының мұз айдынында - көкшетаудың «Арлан», Ташкент қаласынан келген өзбекстандық «Хумо», өскеменнің «Торпедо», петропавлдық «Құлагер» және «Алматы» хоккей клубтары күш сынасатын болады.  

Қарағанды да өтетін В тобының ойындарына - павлодарлық «Ертіс», атыраулық «Бейбарыс», «Ақтөбе» хоккей клубы, рудныйлық «Горняк», қарағандылық «Сарыарқа» клубтары қатысады. 

Алдын-ала іріктеу кезеңі 23-28 тамыз аралығында өткізіледі. Одан кейін жартылай финалда жеңіске жеткен әрбір топ келесі топтың екінші орын алған клубымен кездеседі.Финалдық ойын Өскеменде 31 тамыз және 1 қыркүйек күні өтеді.  

Б.Александров атындағы спорт сарайында өтетін Қазақстан Кубогының ойындар кестесі: 

23 тамыз, Жұма:

15:00 QULAGER– ARLAN

19:00 TORPEDO - ALMATY

24 тамыз, Сенбі:

17:00 HUMO - QULAGER

25 тамыз, Жексенбі:

13:00 ARLAN -ALMATY

17:00 HUMO - TORPEDO

26 тамыз, Дүйсенбі: 

19:00 QULAGER - TORPEDO

27 тамыз, Сейсенбі:

15:00 ARLAN- HUMO

19:00 ALMATY - QULAGER

28 тамыз, Сәрсенбі:

15:00 HUMO - ALMATY

19:00 TORPEDO - ARLAN

31 тамыз, Сенбі:

14:00 А1-В2 (жартылай финал)

18:00 В1-А2 (жартылай финал)

1 қыркүйек, Жексенбі:

17:00 S1 – S2 (финал)

Inkar

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив