Азиада-2025: Хоккейден Қазақстан қыздар құрамасы Оңтүстік Кореяны жеңді


ЖАҢАЛЫҚТАР 14-02-2025, 10:00 0

Қазақстан қыздар құрамасы А тобындағы соңғы матчында Оңтүстік Кореяға қарсы ойнайды.

Алғашқы таймда қазақстандықтар қарсылас қақпасына 11 соққы бағыттады. Ойынның 6-минутында қазақстандық шабуылшы Малика Алдабергенова оңтайлы сәтті пайдаланып,  қарсылас қақпасына шайба соқты.

Екінші таймда оңтүстіккореялық ойыншы біздің спортшыға қарсы ереже бұзып, 5 минутқа алаңнан шеттетілді. Өкінішке қарай қыздар бұл мүмкіндікті пайдалана алмады.

Үшінші тайм бастала сала қазақстандық хоккейшілер бірден шабуылға шығып, есеп айырмасын ұлғайтуды мақсат тұтты. Ұрымтал сәттердің бірін сәтті пайдаланған 21 нөмердегі қорғаушы Юлия Буторина қарсылас қақпасынан саңлау тапты. Ал ойынның 53-минутында Дария Молдабайдың алыстан бағыттаған соққысы қарсылас команданың қақпасында тулады. Осылайша Қазақстан құрамасы А тобындағы екі ойында жеңіске жетті. 

Енді осы топтағы тағы бір шешуші ойын Жапония және Қытай құрамалары арасында өтеді. Егер Жапония жеңсе алтын медаль алады. Ал, қазақстандық спортшылар күміс жүлдеге ие болады. 

Осыған дейін хабарлағанымыздай, қыздарымыз А тобындағы алғашқы ойында Жапонияға 0:4 есебімен жол берген болатын. Есесіне Қытай құрамасына қарсы ойында қазақстандықтар 2:1 есебімен жеңіске жетті. 

Adil

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив