Өскемендіктер құрбанды қай жерде шалады?

ЖАҢАЛЫҚТАР 3-06-2025, 16:31 0

Биылғы құрбан айт мейрамы 6 маусымда тойланады. Өскемен қаласының тұрғындары жылдағыдай Атығай асуында белгіленген орында құрбан шалатын болады, деп хабарлайды Bizdiң Өskemen.

 Қазақстандықтар таңғы 7:00 де айт намазына қатысып, содан кейін құрбан шалуды бастайды. Шығыс Қазақстан облыстық Халифа Алтай мешіті құрбан айт мейрамына орай өткізілетін іс-шараларды бастап кеткен.

– 6 маусым күні таңғы 7:00 де айт намазы оқылады. Биыл да құрбан шалу үшін Атығай асуындағы арнайы орын белгіленді. Құрбан айт мейрамына орай қазақ күресі, гір тасын көтеру және мерекелік бағдарламалар ұйымдастырылады, – деп хабарлады Шығыс Қазақстан облыстық Халифа Алтай мешіті өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында.

Айта кетейік, мешіт өкілдері бұған дейін «Жақсылықта жарысайық» атты эстафеталық спорттық ойындар ұйымдастырып, жеңімапаздарды марапаттаған.


Adil

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив