Облыстық балалар және жасөспірімдер кітапханасында «Қиялымдағы демалыс» атты жазғы лагерь маусымы ашылды,деп хабарлайды Bizdiң Өskemen.
Іс-шара барысында балаларға үш түрлі ойын алаңы ұйымдастырылды.
«Кескіндеме тарихы» аймағында Шығыс Қазақстан өнер музейінің жылжымалы көрмесі ұсынылды. «Шытырман оқиғалы аралда» түрлі тапсырмалар мен жұмбақтар балалардың зейінін ашты.
Ал «Ашық аспан астындағы оқу залында» балалар кітап оқып, еркін пікір алмасты.
Көңілді аниматорлар барлық қатысушыларға көтеріңкі көңіл күй сыйлады. «Керім-ай» би тобының бүлдіршіндері өз өнерлерін ортаға салды.
«Эмиль фабрикасы» ұсынған балмұздақтар мерекенің көрігін қыздырды.
Ал іс-шараның құрметті қонақтары балаларға көңілді демалыс тілеп, кітап оқудың маңызын атап өтті.