фото: noks.kz
Өскеменде «мергендер» көбейіп келеді. Жаңа камералар бейнесараптама жасап, жасанды интелекті арқылы нысанды дәл тани алады, деп хабарлайды деп хабарлайды Bizdiң Өskemen.
Дәл қазір қала көшелерінде «Мерген 2.0» деп аталатын бейнебақылау камералары тұр. Бұл аппараттық кешен сараптамалық модульмен және жасанды интелектімен жабдықталған. Сол арқылы адамның бет-жүзін, көлікті немесе басқа да нысандарды бірден анықтайды. Облыстық цифрландыру басқармасының хабарлауынша, «Мерген 2.0» құрылғылар елімізде өндіріледі.
Сондай-ақ, мамандардың айтуынша, «Мерген 2.0» радиолокациялық өлшеу әдісі қолданылады. Яғни құрылғы нысанның жылдамдығын дәлме-дәл анықтайды.
Қазір «мергендер» мына ережелерді қадағалайды:
белгіленген жылдамдық шегінен асып кету;
белгілеуді бұзу;
рұқсат етілмеген жерде тоқтау немесе көлікті тұраққа қою;
көлікті қою ережелерін бұзу;
қарсы жолаққа шығу;
бағдаршамның тыйым салу сигналына өту;
жаяу жүргіншілерге жол бермеу;
орташа жылдамдықтан асып кету;
екінші жолақтан бұрылу;
мотошлемнің болмауы;
қауіпсіздік белдіктерін пайдалану ережелерін бұзу.
Камера түсірген заң бұзушылықпен келіспейтін жүргізушілер қарсы шағымдана алатынын айта кетейік. Бұл үшін қалалық полиция басқармасының әкімшілік полиция бөліміне (Назарбаев даңғылы, 73/1, 122 кабинет) бару керек.
Цифрландыру басқармасының мәлімдеуінше, мамандар «Мерген» аппараттық кешенін жетілдіре түседі. Яғни алдағы уақытта камералар тағы бірқатар ереженің сақталуын қадағалайды.