"Плиткалар сынып жатыр". Ауған соғысының майдангерлері Өскемендегі ескерткіштің жөндеуіне риза емес


ЖАҢАЛЫҚТАР 6-06-2024, 16:02 0

“Ескерткішті жөндеуге 6 млн теңге кетті, бірақ істеген істеріне көңіліміз толмайды”. Өскемендегі Совет-ауған соғысының майдангерлері Ертіс өзені жағалауындағы мемориалдық кешенді жөндеу жұмыстарына көңілі толмайтынын айтып Bizdiң Өskemen сайтының редакциясына хабарласты.

 

Олардың айтуынша, жауынгерлерді еске алуға арналған ескерткіш бюджет ақшасына жөнделген, бірақ қабырға мен төңірегіндегі жерге салынған плиткалар бос жатыр.

 

— Жөндеу жұмысы өтірік істелгені көрініп тұр. Өзім құрылысшы болғандықтан білемін. Плиткалардың цементі кеуіп, босап қалған. Ескі цементі дұрыстап қырылмағанға ұқсайды, — деді Марат Жотабаев. 

 

Қалалық ауған соғысы ардагерлері кеңесі төрағасының орынбасары Қыдырғазы Баймұратов та “жұмыс ақшасына лайық емес” дейді.

 

— Жөндеу дұрыс болмағанын қыста әкімдікке айттық. Олар сәуірдің аяғына дейін мердігер қалыпқа келтіреді, гарантиясы әлі біткен жоқ деді. Бірақ одан бері бір айдан артық уақыт өтсе де, ескерткіштің жағдайы жақсы болып кетпеді. Бір-екі жерін жамап-жасқағанға ұқсайды, бірақ жағдайы әлі нашар, — деді ол.


 

Қала әкімдігі қыста кемшілік болғанын растаған. Мердігер сәуірде қалпына келтіреді деген. Кейін қалпына келді деп хабарлаған.

 

Дегенмен майдангерлер әлі де болса “плиткалар ажырап немесе сынып жатқан жерлерін қалпына келтіру керек” деп есептейді.

 

Inkar

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив