ҚазАвтоЖол 3 ақпан күні сағат 06:00-де екі өңірде көлік жолы ашылғанын хабарлады.
Шығыс Қазақстан облысы бойынша «Алматы-Талдықорған-Өскемен-Шемонаиха-РФ шек.» автожолының 1013-1048 шақырым аралығындағы учаскесі (Абай облысы шекарасы-Ұлан ауылы) ашылды.
Абай облысы бойынша «Алматы-Талдықорған-Өскемен-Шемонаиха-РФ шек.» автожолының 971-1013 шақырым аралығындағы учаскесі (Қалбатау ауылы-Шығыс Қазақстан облысы шекарасы) ашылды.
Еске салайық, 1403 байланыс орталығына хабарласып, тәулік бойы жол туралы қосымша ақпарат алуға болады.