«Құны 3 млрд теңге тұратын Алматыдағы жедел медициналық көмек көрсету кешені мемлекет балансына қайтарылды», деп хабарлады Алматы прокуратурасының баспасөз қызметі.
Айта кетелік, 27 қарашада мамандандырылған ауданаралық экономикалық сот Алматы қаласының бұрынғы әкімі Виктор Храпуновтың мемлекет мүлкін жеке кәсіпкердің қолына беру әрекетін заңсыз деп таныған.
Кешеннің ауданы 3974 м2 және 50 сотық. Жанына қосалқы станция ашу жоспарлануда.
Виктор Храпунов 2004 - 2007 жылдар Шығыс Қазақстан облысының әкімі болған.