Қар көшкіні: Бұқтырма тасжолында көлік қозғалысы шектеледі


ЖАҢАЛЫҚТАР 24-12-2024, 10:24 0

Бұқтырма тасжолының Северное елді мекенінен Серебрянск қаласына дейінгі учаскесі уақытша жабылып, қар көшкініне байланысты профилактикалық жұмыстар жүргізіледі.

«24 желтоқсанда сағат 10:00-де көшкіннің алдын алу жұмыстарына байланысты Өскемен-Алтай-Үлкен Нарын-Катонқарағай-Рахман қайнары автожолының Северное ауылынан Серебрянск қаласына дейінгі учаскесінде барлық көліктің қозғалысы шектеледі», - деп хабарлады «ҚазАвтоЖол» ҰК» АҚ.

Жол учаскесі, шамамен, 14:00-де ашылады.

Айта кетейік, республикалық жолдардағы жағдай туралы 1403 нөміріне кез-келген уақытта хабарласып білуге болады.


Adil

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив