Өскеменде Кеңес үкіметін құрғандар ескерткішін жөндеуге 30 млн теңге бөлінді


ЖАҢАЛЫҚТАР 5-06-2024, 17:17 0

“Өскемен қаласында Бауырластар зиратын (Амфитеатр) ағымдағы жөндеу және абаттандыру” деп аталатын тендер мемлекеттік сатып алу порталында жарияланған. Ұйымдастырушы - қалалық тұрғын үй - коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі.

 

Тендердің жеңімпазы да анықталды. Ол - "Design Pro" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі. 

 

Екі жақ 30 млн теңгеге келісімге отырған. 

 

Ақпаратқа қарағанда, монумент пен оның маңайы жөнделеді. Жұмыс 2024 жылдың 30 маусымына дейін аяқталуы керек.


“Кеңес үкіметі үшін күрескендердің бауырластық бейіті” деп аталатын монумент Ертіс өзенінің жағасында, Амфитеатр жанында орналасқан. Бұл жерде Қызыл гвардияшылар мен 1918-1919 жылдардағы көтерілістерге қатысушылар жерленген. 

 

Шығыс Қазақстан облысының әкімі Ермек Көшербаев жақында бұл жердің атауын “Келісім алаңы” деп атауды ұсынған. Осы ұсыныс айтылған тұста жөндеу жұмыстары да басталды.

Inkar

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив