Өскеменде қаланы қардан тазарту жұмыстары жалғасып жатыр


ЖАҢАЛЫҚТАР 23-12-2024, 12:00 0

Өскеменде бірнеше күннен бері толассыз жауған қарды тазарту үшін қаланың коммуналдық қызметтері тәулік бойы тоқтаусыз жұмыс істеп жатыр. 

– Тұрғындар мен көліктердің қауіпсіз қозғалысын қамтамасыз ету үшін «Таза Өскемен» КМК техникалары тартылды. Жолды тазалау жұмыстары кешелі бері үздіксіз жүргізіліп жатыр. Түнгі уақытта қар тазалау техникалары жұмысқа шығып, негізгі магистральдарды, жол айрықтары мен көшелерді тазалауға жұмылдырылды. Бұл жұмыстар қазір де жалғасып жатыр. Жаяу жүргіншілерге арналған аумақтар мен аялдамалар да тазартылуда. Жолға көктайғаққа қарсы материалдар төгіліп жатыр, - деп хабарлады әкімдіктен. 

Егер қандай да бір ықшамауданда мәселе ушығып жатса диспетчерлік қызметке 8 777 331 85 36 телефоны арқылы қоңырау шалуға болады. 

– Тұрғындардан арнайы техниканың қарды тазалауына кедергі келтірмес үшін көлікті тұраққа талапқа сай қою қажеттігін ескертеміз, - делінген хабарламада. 

Inkar

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив