Коммуналдық қызметтер күшейтілген режимде жұмыс істеп жатыр – Өскемен


ЖАҢАЛЫҚТАР 9-12-2024, 09:44 0

Фото: z-taraz.kz

Өскеменде коммуналдық қызметтер бір жарым тәулік бойы толассыз жауған қарды тазартып жатыр, деп хабарлайды Bizdiң Өskemen тілшісі.
Қазір қаланы қар құрсауынан босату үшін "Таза Өскемен" кәсіпорнының және қаланың шалғай аудандарына қызмет көрсететін қосалқы мердігерлік ұйымдардың барлық қажетті ресурстары жұмылдырылған.
-    Қаланы қардан тазарту жұмыстары тәулік бойы жүргізіліп жатыр. Коммуналдық қызметтер күшейтілген режимде жұмыс істеуде. Алайда күндізгі уақытта қала көшелерін толықтай тазарту мүмкін емес. Себебі қар тазалайтын техникалар көшедегі көлік қозғалысын қиындатуы мүмкін. Сондықтан жұмыстың көп бөлігі кешкі уақытта жүргізіледі, - деді "Таза Өскемен" кәсіпорнының өкілдері.
Айта кету керек, жеке секторда тұратын тұрғындар ауланы өздері тазалайды. Ал көппәтерлі тұрғын үй аулаларын МИБ немесе ПИК тазартуға міндетті.
-    Қар тазалау бойынша немесе шұғыл түрде тазалануы керек учаскелер туралы диспетчерлік қызметке 8-777-331-85-36 телефоны бойынша хабарласуға болады, - деп атап өтті коммуналдық қызметкерлер.

Inkar

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив