Өскемендегі хайуанаттар бағына қыста тегін кіруге болады


ЖАҢАЛЫҚТАР 5-12-2024, 15:30 0

Өскемендегі Сол жағалау саябағының хайуанаттар бағында қала тұрғындары мен қонақтары қыс бойы түрлі жан-жануарларды, Аяз атаның жануарлары аталып кеткен үй жануарларын тегін тамашалай алады. 

Енді кез-келген саябаққа келуші хайуанаттар бағына кедергісіз кіріп, жануарларды көре алады. Сонымен қатар хайуанаттар бағынан жаңа жылдық мерекелермен байланысты ерекше "Солтүстік қонақтарды" көре аласыз. Балалар мен ересектер үшін бұл таза ауада уақыт өткізіп, жануарларды көруге тамаша мүмкіндік.

Сонымен қатар 20 желтоқсан күні Сол жағалау кешенінде Аяз ата резиденциясы қайта ашылып, қысқы сиқырлы бұрыш өз жұмысын бастайды. Келушілер резиденцияның ішіне кіріп, мерекеге арнайы безендірілген бөлмелерді тамашалай алады. Қонақтар ертегінің фонында суретке түсіп, Аяз атаға хат жазып, оны арнайы жаңа жылдық жәшікке сала алады. 

Жақын арада Сол жағалау кешенінде коньки тебуге арналған мұз айдынын жасауға дайындық жұмыстары басталады. Хайуанаттар бағын қысқы маусымда тегін қылу туралы шешім қабылдағанына қала тұрғындары риза. Ұйымдастырушылар Аяз ата резиденциясы мерекелік көңіл-күй сыйлайтын қала тұрғындарының сүйікті демалыс орындарының біріне айналады деп сенеді.Алдағы апталарда Сол жағалау саябағында қосымша мерекелік әшекейлер орнатылып, іс-шаралар өткізу жоспарланған. Келушілер шеберлік сабақтарына, жаңа жылдық интеллектуалдық ойындарға және флешмобтарға қатыса алады. Өскемендегі Сол жағалау саябағы, хайуанаттар бағы мереке қарсаңында жаңа жылдық іс-шаралардың нағыз орталығы болмақ. 

Inkar

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив