Шығысқа көп Аяз ата келе жатыр


ЖАҢАЛЫҚТАР 6-12-2024, 21:59 0

Аяз аталар мен Ақшақарлар Шығыс өңірін бетке алып келеді. Аймақ жұртшылығын алда ертегі-фестиваль күтіп тұр, деп хабарлайды Bizdiң Өskemen тілшісі. 

«Аяз ата, Ақшақар - 2024» деп аталатын

республикалық фестиваль Шығыс Қазақстан облысында алғашқы рет өткізілмек. Еліміздің түкпір-түкпірінен жиналатын қатысушылар 19 желтоқсанда Риддер қаласында, 20 желтоқсанда Алтай Альпісінде, 21 желтоқсанда Шығыстың бас шаһарында бас қосады. 

"Бұл қыстың сиқырлы атмосферасына бөлейтін бірегей оқиға болмақ. Фестиваль қонақтары мен қатысушыларын қызықты, әр алуан бағдарлама күтеді", — дейді ұйымдастырушылар. 

Ертегі кейіпкерлері Риддер қаласында шаңғы жарысына түседі. Сондай-ақ қызықты флешмоб ұйымдастырады. Аяз ата-Ақшақар шеруі мен қала өнерпаздарының концертінен кейін, кеншілер шаһарының бас шыршасы жағылады. 

Бұдан кейін басты кейіпкерлер Глубокое ауданындағы «Алтай Альпісіне» ат басын бұрады. 

Мұндағы бағдарлама да қызыққа, түрлі локацияға толы:

1. Сәндік-қолданбалы шығармашылық шеберханасы. 

2. Бейнелеу өнері шеберханасы.

3. Безендірілген шырша қасындағы Аяз Ата мен Ақшақар фото аймағы. 

4. Слайм-Студиясы. 

5. Шырша ойыншықтарын жасау. 

6. ЛЭД экрандағы вокалдық байқау.

7. Ақылдылар сайысы.

8. Би марафоны.

9. Шаңғы тебуді үйрену орны. 

Ертегі-фестиваль 21 желтоқсанда облыс орталығында түйінделеді. Бұл күннің басты оқиғасы Солжағалау саябағындағы Аяз Ата резиденциясының ашылуы болмақ. Өңір-өңірден жиналған 150-ден астам Аяз ата мен Ақшақар облыстың Бас шыршасын жағады. 

Adil

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив