Қазақстандық бал алғаш рет Еуропалық Одаққа экспортталатын болды,деп хабарлайды Bizdiң Өskemen.
Глубокое ауданындағы «SUN-BEE ALTAI» кәсіпорны Еуропа Одағының ресми HON (ара шаруашылығы өнімдері) тізіміне енді.
Бұл іске Ауыл шаруашылығы министрлігі мен Ветеринариялық бақылау комитетінің қолдау көрсетті.
Кәсіпорын Еуропа Одағының қатаң санитариялық талаптарына толық сай болды. Еурокомиссия шешімімен компания өз өнімдерін Германия, Франция, Ирландия, Греция және Балтық елдері – жалпы 25-тен астам мемлекетке жеткізе алады.