Белоусовка ауылының 1939 жылы туған тұрғыны әлі іздестіріліп жатыр, деп хабарлайды Bizdiң Өskemen.
«Полиция Чипков Анатолий Васильевичті іздеуді жалғастыруда. Ол 19 мамырда үйден шығып кеткен», - деп хабарлады ШҚО полиция департаментінің баспасөз қызметі.
Еріктілердің айтуынша, зейнеткер сол күні қара көк күрте, қара шалбар, қара аяқ киім және сұр қалпақ киіп шыққан.