Биыл Құрбан айт мерекесі 6 маусым – жұма, яғни, жұмыс күніне сәйкес келіп тұр. Бұл күні ШҚО-дағы барлық халыққа қызмет көрсету орталықтары демалады, деп хабарлайды Bizdiң Өskemen.
Бұл туралы "Азаматтарға арналған үкімет" МК" КЕАҚ ШҚОФ баспасөз қызметі хабарлады.
Ал 7 маусым – сенбі күні кезекші ХҚКО мен мамандандырылған ХҚКО-лар үшін жұмыс күні. Халыққа қызмет көрсету орталықтары азаматтарды сағат 09.00-ден 13.00-ге дейін қабылдайды. Мамандандырылған ХҚКО-ларда өтініштерді қабылдау сағат 09.00-ден 12.00-ге дейін, ал құжаттарды беру - 13.00-ге дейін жүргізіледі.
Айта кетейік, Шығыс Қазақстан облысындағы ХҚКО-ларда жұмыс күні бір сағатқа ерте басталып, бір сағатқа ерте аяқталады.
Кезекші ХҚКО мен мамандандырылған ХҚКО-лардың актуалды тізімін Мемлекеттік корпорацияның Instagram парақшасынан немесе 1414 нөмірі арқылы білуге болады.