Ахмер ауылындағы аурухана құрылысы неге тоқтап тұр?

ЖАҢАЛЫҚТАР Кеше, 10:22 0

Өткен жылы Ахмер ауылында 25 адамды қабылдайтын дәрігерлік амбулатория құрылысы басталған. Алайда соңғы күндері ондағы құрылыс жұмысы тоқтап қалғанына тұрғындар алаңдаушылық білдірген, деп хабарлайды Bizdiң Өskemen.

Ахмер ауылында 4 мыңға жуық халық тұратын болса, оның 2500-ге жуығы 14 жасқа дейінгі педиатр дәрігердің қарауында тұрған балалар. Сондықтан да Мәселінің мән жайын жауапты тұлғалар мен бірге Өскемен қалалық мәслихатының депутаты Әскерхан Ақтайда да біліп қайтқан.

– Бүгін Өскемен қаласы Ахмер ауылында салынып жатқан бір уақытта 25 адамды қабылдайтын амбулаториялық кешеннің құрылысы тоқтап қалуына байланысты нысанды көріп,  тұрғындармен және жауапты басқарма басшыларымен,  мамандарымен  бірге сол жерде болдық. Нысан қаржыландырудың кешігуіне байланысты уақытша тоқтаған. Кешікпей қаржы бөлінеді. Әзірше мердігер жұмысты жүргізетін болды. Жұмыс барысын жергілікті тұрғындармен бірге бақылайтын боламын, – деді Өскемен қалалық мәслихатының депутаты Әскерхан Ақтай.

Нысанды "Oskemen Build" ЖШС салып жатыр. Бұл дәрігерлік амбулатория бір ауысымда 25 адамды қабылдауға арналған. Мердігерлердің айтуынша, қазіргі уақытта амбулатория құрылысының шамамен 60 пайызы аяқталған.


Adil

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив