Риддерде шомылу маусымы бір айдан кейін ғана басталуы мүмкін. Неге?


ЖАҢАЛЫҚТАР 4-06-2024, 16:31 0

Риддерде жаңбыр және суық ауа-райына байланысты шомылу маусымы әдеттегіден кеш басталады. Ауа райынан бөлек жағажай маңында жұмыс істейтін кәсіпкерлер төтенше жағдайлар қызметіне айдынды тазартып беру туралы өтінішті де әлі түсірмеген.

"Әзірге біз Риддердегі шомылу маусымының қай күні басталатынын айта алмаймыз. Мүмкін, 15 маусымға дейін күн жылынбайды, сондықтан шомылу маусымы шілденің басына дейін қалады. Өтінім келіп түссе, сол кезде ғана өзеннің түбін тазалаймыз", деп хабарлады қалалық төтенше жағдайлар басқармасының баспасөзы қызметі

Былтыр қалада шомылу маусымы ресми түрде 21 маусымда басталған. 

Inkar

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив