Ағаш кеспек түгілі бұтақтың өзіне айыппұл салынады


ЖАҢАЛЫҚТАР Бүгін, 14:38 0

фото: Instagram.com/shygysormany

Шығыс өңірінде Жаңа жыл мерекесі қарсаңында қылқан жапырақты ағаштарды қорғау күшейтілген. Желтоқсан айының басында орманды алқаптарға апаратын негізгі жолдарда бақылау-өткізу пункттері орнатылды.

Шығыс Қазақстан орман инспекциясының өкілдері сондай пунктердің бірі орналасқан Малоубинка ауылының жанында ВАЗ 2121 маркалы көлікті тексерді.

«Көлікте қарағай бұтақтары болды. Ал тұрғынның рұқсат құжаттары жоқ. Сондықтан Әкімшілік кодекстің 368-бабының 1-тармағына сәйкес 5 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде әкімшілік айыппұл салынды», - деп мәлімдеді инспекция.


Adil

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив