Мемлекеттік рәміздер күні қарсаңында Арбатта бірнеше іс-шара өтеді. Солардың бірі тұрғындардың Әнұран шырқауы.
«Қала тұрғындарын 4 маусым күні сағат 17:30-да Әнұран шырқау акциясына қосылуға шақырамыз», - деп хабарлады акция ұйымдастырушылары.
Айта кету керек, 4 маусым - Мемлекеттік рәміздер күні. Биыл рәміздер қабылданғанына 32 жыл.