Өскемен қаласы әкімі қызметіне Ақышов Алмат Талғатұлы тағайындалды, деп хабарлайды Bizdiң Өskemen тілшісі.
ҚР Президентінің Әкімшілігімен және қалалық мәслихат депутаттарымен келісе отырып, Шығыс Қазақстан облысы әкімінің өкімімен Ақышов Алмат Талғатұлы Өскемен қаласы әкімінің лауазымына тағайындалды.
Ақышов Алмат Талғатұлы 1990 жылы Күршім ауданында дүниеге келген. Өскемен қаласындағы №3 мектептің түлегі.
2011 жылы Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық университетін «Туризм» мамандығы бойынша тәмамдаған.
2015 жылы Алматы экономика және статистика академиясын экономика мамандығы бойынша бітірген.
2018 жылы Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясында білім алып, өңірлерді дамыту магистрі атанды.
Президенттік жастар кадрлық резервінің мүшесі болып табылады.
2012 - 2015 жылдары "ШҚО денешынықтыру және спорт басқармасы" ММ туризмді дамыту, ішкі бақылау бөлімінің жетекші маманы» болды.
2015 – 2018 жылдары ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігінің Инвестициялық саясат департаменті Қаржы құралдары басқармасының сарапшысы, бас сарапшысы болып еңбек етті.
2018 - 2020 жылдары «ШҚО Ұлан ауданы әкімінің аппараты" ММ аппарат басшысы;
21.01.2020 - 29.12.2020 жыл аралығында ШҚО Аягөз ауданы әкімінің орынбасары;
2020 - 2022 жылдары "ШҚО энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы" ММ басшысы қызметін атқарған.
Осыған дейін Шығыс Қазақстан облысы Күршім ауданының әкімі болды.