Шығыс Қазақстанға Алтай өлкесінен делегация келді

ЖАҢАЛЫҚТАР Бүгін, 11:00 0

Шығыс Қазақстан облысына Алтай өлкесі Үкіметі төрағасының орынбасары Виталий Снесарь бастаған делегация жұмыс сапарымен келді, деп хабарлайды Bizdiң Өskemen тілшісі. 

Делегация өкілдерімен облыс әкімі Нұрымбет Сақтағанов кездесті.

– Екі шекаралас аймақ көптен бері әртүрлі салаларда тығыз ынтымақтастық орнатып, көршілестік қарым-қатынас бірлескен жұмыстың жаңа бағыттарын айқындауға мүмкіндік беруде. Атап айтқанда, өнеркәсіп, мәдениет, спорт және туризм салаларындағы бірлескен жобаларды жүзеге асыру мәселелері талқыланды. Шығыс Қазақстан облысы мен Алтай өлкесінің туристік әлеуетін ілгерілету үшін бірыңғай портал құрып, тәжірибе алмасуға үлкен мүмкіндік бар, – деді кездесуде облыс әкімі.

Виталий Снесарь Шығыс өңірінің қонақжай көңіліне ризашылығын білдіріп, ынтымақтастықты нығайтуға қашан да дайын екенін жеткізді. Сондай-ақ ол Алтай өлкесінің «Біздің ортақ үйіміз – Алтай» халықаралық үйлестіру кеңесіндегі төрағалығын Шығыс Қазақстанға табыстауға әзір екенін мәлімдеді. Бұл бірлестік құрамына Ресей, Моңғолия, Қытай және Қазақстан кіреді.

Inkar

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив