Самар ауданының әкімі болып Серік Жеңісов тағайындалды, деп хабарлайды Bizdiң Өskemen тілшісі.
Ауданның жаңа басшысын активке облыс әкімінің бірінші орынбасары Нұрымбет Сақтағанов таныстырды.
Серік Жеңісұлы 1983 жылы 27 қарашада Шығыс Қазақстан облысы Катонқарағай ауданында дүниеге келген.
2005 жылы С.Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан университетін «Мемлекеттік және жергілікті басқару» мамандығы бойынша, 2006 жылы аталған білім ордасының магистратурасын «Экономика» мамандығы бойынша тәмамдаған.
Еңбек жолын 2005 жылы Өскемен қаласының ішкі саясат бөлімінде қоғамдық пікірді мониторингтеу және талдау, бұқаралық саяси жұмыс бөлімінің жетекші маманы болып бастаған.
2006-2009 жылдары «Директорлар кеңесі» заңгерлік тұлғалар ұйымының Шығыс Қазақстан облысындағы одағында экономист-сарапшы, 2009-2011 жылдары Шығыс Қазақстан облысының ішкі саясат басқармасында жастар саясаты мәселелері және үкіметтік емес ұйымдармен жұмыс жөніндегі бөлімінің бас маманы болып еңбек етті.
2012-2013 жылдары Шығыс Қазақстан облысының ішкі саясат басқармасы басшысының орынбасары, 2013-2015 жылдары Шығыс Қазақстан облысының жастар саясаты мәселелері басқармасы басшысының орынбасары қызметін атқарған.
2018 жылы «Шығыс ақпарат» ЖШС басқарма төрағасы, 2019 жылы Өскемен қаласы әкімінің орынбасары болды.
2020-2021 жылдары «Ақпараттық-талдау орталығы» акционерлік қоғамының басқарушы директоры (Астана қаласы), 2021-2022 жылдары - «Saryarqa aqparat» ЖШС директорының орынбасары (Қарағанды қаласы) болып жұмыс істеді.
Сондай-ақ осыған дейін Шығыс Қазақстан облысының ішкі саясат басқармасының басшысы болды.