сурет: Төтенше жағдайлар министрлігі
Алматы қаласының, Алматы және Шығыс Қазақстан облыстарының таулы аумақтары қар көшкініне неғұрлым бейім. Қар көшкіні адам өліміне әкеліп соғуы мүмкін және шаруашылық объектілеріне елеулі залал келтіруі мүмкін. Бұл туралы Төтен жағдайлар министрлігі хабарлады.
– Қазіргі уақытта Республиканың таулы аудандарындағы қардың биіктігі норманың шегінде немесе одан асады. «Қазгидромет» РМК ауа райы болжамына сәйкес желтоқсан айында таулы аудандарда жауын-шашын нормадан асады деп күтілуде. Қар көшкіні астында қалмау үшін тауға жиналатын әрбір адам тауларда және қар көшкіні кезінде өзін ұстаудың негізгі ережелерін үйренуге міндетті, - дейді ТЖМ «Қазселденқорғау» ММ басшысы Ерболат Садырбаев.