Өскемен әкімінің есімі ертең белгілі болады

ЖАҢАЛЫҚТАР 10-12-2024, 16:01 0

сурет: senate.parlam.kz

Ертең Өскемен қаласының әкімі лауазымына ұсынылатын үміткерлердің есімі аталады, деп хабарлайды Bizdiң Өskemen тілшісі.

Қалалық мәслихаттың сайтында кезектен тыс сессия өткізілетіні туралы хабарландыру жарияланды.

«Депутаттар мен қала тұрғындарының назарына! 2024 жылдың 11 желтоқсаны сағат 10.00-де Өскемен қалалық мәслихатының кезектен тыс сессиясы өтеді (Пермитин көшесі,17, конференц-зал). Күн тәртібі: 1. Өскемен қаласының әкімін тағайындауға келісім беру», - делінген хабарламада. 


Adil

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив