ШҚО-ның бірнеше ауылында әкім сайланды


АУДАНДАР 12-06-2024, 12:00 0

лубокое ауданының әкімдігі сайлау нәтижелерін хабарлады.

Белоусовка ауылының әкімі лауазымына үш адам өтініш білдірген. Дауыс беру нәтижесі бойынша әкім болып «АМАНАТ» партиясы ұсынған, 1993 жылы туған Анатолий Ташниченко сайланды.

Сондай-ақ, сайлаушылар дауыс беру арқылы Опытное поле ауылдық округінің әкімін де сайлады. Айтып өтейік, мұнда үміткерлердің үшеуі де - әйел. Олар - Анна Кимасова, Татьяна Селезнева және Анжелика Табакаева. Нәтижесінде округ әкімі болып Белоусовка ауылы әкімі қызметін атқарған 1972 жылы туған Татьяна Селезнева сайланды. Оның кандидатурасын «АМАНАТ» партиясы да ұсынды.

Сонымен қатар, Быструшин ауылдық округінің әкімі лауазымына Қадыр Ахметов, Аслан Мұханов және Фарида Шаяхметова өтініш берген. Дауыс беру қорытындысы бойынша ауылдық округтің әкімі болып «АМАНАТ» партиясы ұсынған жұмыссыз, 1970 жылы туған Қадыр Ахметов сайланды.

Nazerke

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив