ШҚО-да су тасқыны қаупі бар орындарға әуеден барлау жүргізілді


ЖАҢАЛЫҚТАР Кеше, 19:30 0

Су тасқынына қарсы іс-шаралар шеңберінде Шығыс Қазақстанда Глубокое, Алтай, Үлкен Нарын және Катонқарағай ауданындағы су тасқыны қаупі бар жерлерге аэровизуалды тексеру жүргізілді. Барлауға облыс әкімінің орынбасары Бақытжан Байахметов, ШҚО ТЖД бастығы Рашид Блялов және мүдделі ұйымдардың мамандары қатысты. 

Әуеден барлау нәтижесінде Бұқтырма өзенінің бойында, сонымен қатар Глубокое аудынында орналасқан елді мекендердің жағдайына мониторинг жүргізілді. 

Бүкіл маршрут бойынша тұрақты қар жамылғысының қалыптасуының бастапқы кезеңі байқалады, өзендерде мұздың қалыптасу кезеңі жүруде. 

Сонымен қатар 2025 жылы су тасқыны құбылыстарының пайда болуына жол бермеу мақсатында облыс аумағында инженерлік жұмыстар жоспарына сәйкес су тасқынына қарсы 55 іс-шара іске асырылуда. Оның ішінде Катонқарағай ауданында 3 іс-шара, Үлкен-Нарын ауданында 6 іс-шара, Глубокое ауданында 12 іс-шара және Алтай ауданында 7 іс-шара орындалды. Бұл бағыттағы жұмыс жалғасын табады және ерекше бақылауда. 

Әуеден зерделенген аудандарда су басу қаупі байқалмайды, жағдай тұрақты.

Inkar

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив