Ресми дерек бойынша Самар ауданындағы 22 елді мекеннің 94 пайызы 3G және 4G мобильді интернетімен қамтылған. Ал желі жылдамдығының төмендігі, аудан әкімінің орынбасары Қайдар Сұрашевтың айтуынша, халық көп қолданатын байланысты күшейткіш құрылғылардың әсерінен, деп хабарлайды Bizdiң Өskemen тілшісі.
Өткен жылы интернет желісі тартылған ауылдардың үлесі 87 пайыз болғанын. Яғни бұл бағыттағы жұмыс тоқтап қалмай, жыл сайын нәтиже беріп жатыр. Дегенмен интернет сапасына шағым айтып жатқан аудан тұрғындары да бар.
– 706 адам тұратын жеті елді мекеннен шағым түсті. Бұл Новостройка, Жаңажол, Қойтас, Қаракөл, Песчанка, Раздольное және Палатцы ауылдары. Палатцы елді мекеніне келетін болсақ, мұнда антенна-діңгек орнату үшін құрылыс жұмыстарына қаржы күтілуде. Ал қалған ауылдардағы мәселені шешу ұялы байланыс операторларымен бірлесіп жұмыс істеп жатыр, мәселе біртіндеп шешіледі. Облыс бойынша жыл басынан бері кең жолақты интернетке 29 елді мекен қосылған. Республикалық Жол картасына сәйкес, қалған 155 ауылға 2027 жылдың соңына дейін желі тартылады. Бірақ біз бұл мәселені алдағы екі жылда шешуді көздеп отырмыз, – деді Самар ауданы әкімінің орынбасары Қайдар Сұрашев.
Самар ауданындағы 19 мектептің 18-і Starlink жүйесіне қосылған. Яғни аталмыш білім мекемелері сапалы интернеттің игілігін көріп отыр. Соның ішінде 5 723 тұрғыны бар Самар ауылының екі мектебі бірдей спутниктік жүйеге қосылғанын айта кеткен жөн.
Жалпы аудан орталығында бірқатар ұялы байланыс операторларының базалық станциясы бар.
– Деген ауыл тұрғындары ұялы байланыс пен интернеттің сапасына қатысты бірнеше рет шағым айтты. Бұл мәселе байланысты күшейткіш құрылғылардың әсерінен туындаған. Облыстың цифрландыру және архивтер басқармасының қызметкерлері базалық станциялардың өткізу қабілетін арттыру үшін аталмыш құрылғыларды қолданбауды сұрады, – деді аудан әкімінің орынбасары.
Бұл ретте тағы бір маңызды мәселе бар, ол – Самар ауданының туристік аймақтарын интернетпен қамту. Мұндағы құмды жағажайда бір маусымда 70 мыңнан астам туристі демалады. Қазірдің өзінде жағажайға келушілердің саны 55 мыңнан асады. Аудан әкімінің орынбасары жағалауға антенна-діңгек орнату үшін байланыс операторларымен жұмыс жүргізіліп жатқанын мәлімдеді.