сурет: ШҚО ПД
1 желтоқсанынан бастап көлік жүргізушілерін қысқы шиналарды қолдануға міндеттейтін жаңа ережелер күшіне енді. Алайда барлық жүргізушілер аталған талаптарды сақтамай, өздерінің және жол қозғалысының басқа қатысушыларының да өмірін қатерге тігуде.
– Желтоқсанның алғашқы төрт күнінде Шығыс Қазақстан облысының полицейлері жазғы дөңгелектермен жүрген 34 көлік иесін анықтады. Бұзушылықтардың біреуі қысқы шиналармен жабдықталмаған автокөлігімен, кәмелетке толмаған балаларды алып жүрген әйел адам болған. Барлық заң бұзушыларға қатысты әкімшілік хаттамалар толтырылды, - делінген ШҚО ПД баспасөз қызметінің хабарламасында.
Полиция қызметкерлері қысқы шиналарды қолдану – бұл тек заң талабы ғана емес, өміріңізді сақтап қалудың маңызды шарасы екенін ескертеді.