Бүгін Шығыс Қазақстан облыстық көпсалалы онкология және хирургия орталығына кәсіби байланыстарды нығайту және тәжірибе алмасу мақсатында Санкт-Петербург фтизиопульмонология ҒЗИ жетекші мамандары-жоғары санатты дәрігер-онколог, торакальды хирургі Андрей Нефедов және АРжҚТБ бөлімшесінің меңгерушісі Владимир Ли келді.
Онкологиялық орталықтың директоры Гульмира Сагидуллинаның айтуынша, мұндай сапарлар ынтымақтастықты нығайтуға ғана емес, сонымен қатар заманауи медицинаның дамуына ықпал ететін одан әрі бірлескен жобалар үшін платформа құруға көмектеседі.
– Біз басқа елдердің жетекші мамандарымен өзара қарым-қатынас жасау мүмкіндігін жоғары бағалаймыз. Біздің дәрігерлер тәжірибелі мамандар және осындай кездесулер идеялармен алмасуға және пациенттеріміз үшін ең жақсы шешімдерді әзірлеуге мүмкіндік береді, - дейді Гульмира Сагидуллина.
Бір апта бойы ШҚО КОжХО мамандары Санкт-Петербург фтизиопульмонология ҒЗИ жетекші мамандары-жоғары санатты дәрігер-онколог, торакальды хирургі Андрей Нефедов және АРжҚТБ бөлімшесінің меңгерушісі Владимир Лимен бірге операциялар жасап, торакальды хирургия мен реанимацияның маңызды аспектілерін талқылайды.