Бүгінде әр аудандағы құтқарушылар профилактикалық рейд жүргізіп, тұрғындарға жылыту кезеңіндегі қауіп-қатер туралы ескерту жасады, деп хабарлайды Bizdiң Өskemen тілшісі.
ШҚО ТЖД мамандарының айтуынша, жылыту маусымы кезінде өрт, көмірқышқыл газынан улану оқиғаларының саны артады. Сондықтан ТЖБ қызметкерлері азаматтарға өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтау туралы ескертеді.
- Бірінші кезекте құтқарушылар көп балалы отбасылар тұратын үйлерді тексерді. Балалар - біздің болашағымыз. Сондықтан ТЖМ қызметкерлері үшін олардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету - маңызды міндеттердің бірі, - дейді ШҚО ТЖД мамандары.
Тарбағатай ауданында жылыту маусымы басталғанға дейін және жылыту маусымы кезінде баратын 59 әлеуметтік осал отбасы бар. Тарбағатай аудандық ТЖБ мен Ақжар №15 ӨСБ жеке құрамдарымен жастар бөлімі, жергілікті полиция қызметкерлерімен профилактикалық рейд жасап, түсіндірме жұмыстарын жүргізді.
- Сонымен қатар отбасыларының тұрғын үйлеріне көміртегі тотығы датчиктерін орнату жұмыстарын жүргізіп, рейд барысында үй иелеріне тұрмыстағы электр құрылғылары мен жылыту қазандықтарын қауіпсіз пайдалану және өрт оқиғасы болған кездегі дұрыс іс-қимыл қағидалары туралы айтылды, - дейді ШҚО ТЖД баспасөз қызметі.