28-29 қараша күні 1-11 сынып оқушылары қашықтықтан оқиды. Қалалық білім бөлімі екінші дәрежелі қолайсыз метеорологиялық жағдайдың қалыптасуына байланысты мектеп оқушыларын қашықтықтан оқытуға көшіру туралы шешім қабылдады.
– Ауа райының қолайсыз метеорологиялық жағдайына байланысты 2024 жылғы 27 қарашада 2 ауысымның соңғы екі сабағы қысқартылды. 2024 жылғы 28-29 қарашада 1-2 ауысым сабақтары қашықтықтан оқытуға ауыстырылады, - делінген Өскемен қаласы бойынша білім бөлімінің хабарламасында.