Өскеменде қолайсыз метеорологиялық жағдай жарияланды


ЖАҢАЛЫҚТАР 15-10-2024, 12:30 0

Синоптиктер ауа райының екінші дәрежелі қолайсыздығын ескертеді.

15 қазан күні сағат 20:00-ден бастап 16 қазан сағат 20:00-ге дейін Өскемен қаласында қолайсыз метеорологиялық жағдайлар күтілуде. Осыған байланысты, екінші дәрежелі ескерту жарияланды. 

Қолайсыз метеорологиялық жағдай болғанда атмосфераның беткі қабатында ластаушы заттар жиналады, бұл адамдардың денсаулығына теріс әсер етеді. Сондықтан да қолайсыз метеорологиялық жағдай кезінде дене белсенділігін және ашық ауада болуын шектеген дұрыс.

Inkar

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив