Өскеменде 25-ші шағын аудан тұрғындары интернетке қосылды


ЖАҢАЛЫҚТАР 14-11-2024, 12:00 0

Өскемендегі 25-ші шағын аудан тұрғындарының интернет мәселесі шешіліп, ауданның алғашқы үш үйі жоғары жылдамдықты интернет желісіне қосылды. 

– Біз 25-ші шағын ауданына талшықты-оптикалық желі жүргіздік және алғашқы абоненттерді қосылып тұрғындар  секундына 300 мегабитке дейінгі интернет желісіне қол жеткізді. Олар қазір заманауи цифрлық қызметті, теледидар, интернет, байланыс қызметтерін еркін пайдалана алады, - деді «Fast line» ЖШС директоры Антон Буйновский. 

Интернет желісін қосу ауа райына тәуелді емес және тәуліктің кез келген уақытында тұрақты жылдамдықты қамтамасыз ететін талшықты-оптикалық кабель арқылы жүзеге асырылады.

– Мен осы шағын ауданда 30 жылдан бері тұрамын, бізде ешқашан интернет болмаған. Кеше бізге жылдамдығы жоғары Wi-Fi қосып берді. Немерелерім риза. Интернет тек үйде емес, көшеде де ұстайды, - дейді шағын аудан тұрғыны Ерік Ускембаев.

Inkar

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив